«Ақжайықтың асыл арулары» қоғамдық клубы Батыс Қазақстан облысының және жалпы ел деңгейінде дамуына елеулі үлес қосқан
150-ден астам құрметті әйелдерді біріктіреді.
Клубтың негізгі қызметінің бағыттары: - әйелдерді әлеуметтік қолдау және оларды қоғамдық жұмыстарға тарту;
- қоғамдық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу;
- мәдени іс-шаралар өткізу, әйел-ардагерлерді құрметтеу.
Клуб қатысушылары – өз кәсібіне адалдықтың, белсенді азаматтық ұстанымның және қоғам алдындағы жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Өздерінің жетістіктері, өмірлік ұстанымдары мен тәжірибелері арқылы олар жас ұрпақты шабыттандырып, қазіргі қазақстандық әйелдің бейнесін қалыптастырады. Сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді нығайтуға, өңірдің барлық салаларында әйелдердің рөлін арттыруға өз үлестерін қосып келеді.