Павлодар мұнай-химия зауытында сутек өндірісін жүзеге асыратын қондырғы жобасы аясында швейцариялық
Koch-Glitsch компаниясы әзірлеген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының талаптарына
бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
Жобаның негізгі міндеттері:
- шетелдік жобалық құжаттаманы ұлттық нормативтер мен стандарттарға сәйкес дұрыс бейімдеу;
- жобалық шешімдерді мемлекеттік және қадағалау органдарымен келісу;
- қондырғының сенімділігін қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.
Жобаның серіктесі: Koch-Glitsch (Швейцария).
Жобаның мақсаты -зауытты гидроочистка процестері үшін қажетті сутекпен қамтамасыз ету, бұл
Еуро-3 және
Еуро-4 халықаралық экологиялық стандарттарына сәйкес отынды өндіруге, сондай-ақ мұнай өңдеу тереңдігін
80–85% дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Жоба стратегиялық маңызы бар, ол мұнай өнімдерінің сапасын жоғарылатуға және Қазақстанның жанар-жағармай энергетикалық кешеніндегі позициясын нығайтуға бағытталған.