«КАТЭК» ЖШС 2000 жылдан бері жобалау-инжинирингтік компания ретінде маманданып келеді және 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешені саласында жобаларды әзірлеп, елдің негізінен мұнай-газ саласы кәсіпорындарына инженерлік-іздестіру, жобалау-зерттеу, сараптамалық және консалтингтік қызметтердің кең спектрін көрсетіп келеді.
Аталған кезең ішінде мамандардың, жалпы институттың кәсіби деңгейінің өсуі, I санаттағы мемлекеттік лицензиямен расталған құзыреттілік, сондай-ақ қалыптасқан материалдық-техникалық база компанияға өз ресурстары мен сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету, әдістемелер және инженерлік шешімдерді пайдалана отырып, салалық және өңірлік бағдарламалық құжаттарды, мұнай мен газды өндіру, өңдеу және тасымалдау объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы толық көлемде әзірлеуге мүмкіндік береді. Лицензиялық қызмет кезеңінде компания алдын ала есептеулерден, техникалық-экономикалық негіздемелерден, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуден және жобалар бойынша авторлық қадағалауды жүзеге асырудан бастап, объектілерді пайдалануға енгізуге дейінгі жүздеген жобаны орындады.
Компанияның аталған жұмыстарды жүргізуге арналған, жабдықталуы жеткілікті және географиялық тұрғыдан тиімді орналасқан кеңселері Алматы қаласында, сондай-ақ Астана, Орал, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Ақтау, Өскемен және басқа өңірлердегі өкілдіктер арқылы жұмыс істейді.
Жобалау институтының құзыреттерін дамыту және арттыру, энергетикалық жобаларды әзірлеуден инжинирингтік қызмет деңгейіне дейін көтеру.
Жинақталған тәжірибені үздіксіз жетілдіре отырып, қалыптасқан дәстүрлерді сақтап, озық технологиялар мен халықаралық әріптестікті қолдану арқылы, кәсіби мамандардың тәлімгерлігіне сүйеніп және жас мамандарды қолдай отырып, біз күрделілігі жоғары жобаларды іске асыратын командаларды қалыптастырамыз әрі қызмет географиясын кеңейтеміз.
Отын-энергетика кешеніндегі жобалар бойынша жүйелі зерттеулер жүргізу және негіздеме әзірлеу;
Серіктестермен және тапсырыс берушімен берік қарым-қатынас қалыптастырып, компанияның табыстылығын арттыру;
Қызмет көрсету кезінде шешімдердің инновациялық әдістерін қолдан
Қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету бойынша іс-шаралар әзірлеу
Халықаралық технологиялар мен үздік тәжірибелерді жергілікті жобаларды іске асырумен интеграциялау арқылы жобаларды орындау;
Қызметкерлердің біліктілігін және ынталандыруын арттыру.